Posted by: Dinka | Маусым 25, 2008

Қарағым-ай

Қарағым-ай, сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен бұл дүние шолақ екен.

Қайырмасы:
Қарағым-ай, қиылып, үзіліп
қарадың-ай,
Қараған қандай сұлу жанары-ай.

 

Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен?
Бұл көңіл неліктен босады екен,
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен? 

Қайырмасы.

Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен,
Сүймесе дүние бекер екен.
Анықтап жинасаң бар ғұмырың,
Бір сүйген күніңе жете ме екен.

Қайырмасы

Leave a response

Your response:

Категориялар