Posted by: Dinka | Маусым 27, 2008

Атамекен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем

Қайырмасы.

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем

Қайырмасы.


Пікірлер

  1. осының өлеңі жоқ па mp3, болса жіберіңдерші.

  2. Бұл біздің взводымыздың “стоевой” өлеңіміз.
    Кап, mp3 таба алмай жүрмін

  3. мен де бұл өлеңі таба алмадым (((


Leave a response

Your response:

Категориялар