Posted by: Dinka | Шілде 5, 2008

Көк өрік

Көк өрікті дегенде, көк өрікті,
Көк өріктің сабағы көгеріпті.
Оралдыңның барында ойна да күл,
Ойнамаған, күлмеген не көріпті?

 

Қайырмасы:

Ай-ай, жаным-ай, жаным,
Асыл жаным.
Керек емес өзіңнен басқа жанның.

 

Тасуың-ай, қарындас, тасуың-ай,
Дедектетіп жүрмесін ашуың-ай.
Егер мені шын сүйсең, асыл еркем,
Ертең кешке дайын тұр қашуың-ай.

 

Қайырмасы:

Ай-ай, жаным-ай, жаным,
Асыл жаным.
Керек емес өзіңнен басқа жанның.


Leave a response

Your response:

Категориялар