Posted by: Dinka | Тамыз 3, 2008

Сенің көзің

Сенің көзің түпсіз терең
Тұңғиықтан жаралған
Сонда жатыр менде жүрген
Орындалмас бар арман

 

Қайырмасы – 2p:

Сенің жүзің көкте күннен
Жерде гүлден нәр алған
Шашың сенің жан баспаған
Жапандағы қара орман

 

Қас-кірпігің қарлығаштың
Қанатындай қап-қара
Үлбіреген жүзің сенің
Ақ жібекпе мақта ма

 

Қайырмасы – 2p:

Әсем басың әп-әдемі
Мүсініңе шақ қана
Шиедейін еріндерің
Қызарып тұр шоқтана

 

Толықсыған тұла бойың
Шыбық па екен тал ма екен
Бейнең сенің баяу атқан
Жазғы шұғыла таң ба екен

 

 

Қайырмасы – 2p:

Күлкің сенің шашылған нұр
Сөзің кәусар бал ма екен
Бұл ғаламда сенен асқан
Сірә біреу бар ма екен


Leave a response

Your response:

Категориялар